Қоғам

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді

Қазақстанда ҰБТ-ның жаңа форматы әзірленіп жатыр. Жаңартылған тест академиялық біліммен қатар, заманауи өмірде қажет негізгі дағдыларды да бағалайтын болады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

Министрлік ETS халықаралық ұйымымен бірлесіп, жоғары оқу орындарына қабылдау жүйесін қайта қарастыруды бастады. ETS-тің жаһандық тәжірибесі негізінде ҰБТ тек білімді тексерумен шектелмей, талапкерлердің өмірде және кәсіби ортада қолдана алатын құзыреттерін анықтауға бағытталады.

Министрдің айтуынша, бұл өзгерістер жастарға жаңа мүмкіндіктер ашып, елдің білім беру жүйесін бәсекеге қабілетті етеді. Жаңартылған модель дағдыларға негізделген тапсырмаларды қамтып, барлық өңірлердегі талапкерлер үшін тең мүмкіндік ұсынады.

ETS өкілдері өз тәжірибесін енгізуге дайын екенін атап өтті. Олар тестілеу процесінде жасанды интеллект пен заманауи психометриялық әдістер қолданылатынын айтты. Бұл бағалаудың әділдігі мен дәлдігін арттыруға бағытталған.

Сонымен қатар қазақстандық мамандар ETS орталықтарында тағылымдамадан өтіп, білімді бағалау және жасанды интеллект саласындағы халықаралық тәжірибені меңгермек.

Жалпы, ҰБТ-ның жаңа форматы білім беру сапасын жақсартып, талапкерлердің болашақ кәсіби табысына қажетті дағдыларды дамытуға бағытталмақ.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz