Щучинсктегі жарылыс: қаза тапқандарға 2 млн, зардап шеккендерге 1 млн теңге жәрдемақы беріледі
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда тұңғыш рет күштік құрылымдар арасында FPV-дрондар турнирі өтті

Қазақстанда тұңғыш рет күштік құрылымдар арасында FPV-дрондар турнирі өтті

ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бастамасымен 2025 жылғы 17 сәуірде “Майлан” далалық оқу орталығында Қазақстанда тұңғыш рет күштік құрылымдар FPV-дрон операторлары арасында Millitary Drone Race турнирі өтті.

Сайысқа ҚР Мемлекеттік күзет қызметі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі, т.б. құрылымдардың командалары қатысты.

Турнирдің серіктесі - “Ashyk Aspan Foundation” білім және ғылым қоры.

Сайыс нәтижесінде ҚР МКҚ командасы жеңімпаз атанды, екінші орында ҚР ҰҚК “А” арнайы жасағы командасы, ал Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты командасы үшінші орынға ие болды.

FPV-дрондарды басқару турнирі осы саладағы мамандардың кәсіби шеберлігін дамытуға бағытталды. Сайыс оларға жаңа жүйелерді басқару дағдыларын жетілдіріп,  практикалық тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді және ұшқышсыз басқарылатын ұшу қондырғыларын тактикалық қолдану саласын одан әрі дамытуға үлесін қосты деуге болады.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.