Жаңа транзит жолы: Қазақстан Қырғызстанға 35 мың тонна мұнай жөнелтті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда Төтенше жағдайлар министрі ауысты

Қазақстанда Төтенше жағдайлар министрі ауысты
Фото: primeminister.kz

Мұрат Мұханов Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды. Тиісті жарлыққа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды kznews.kz.

Мұрат Мұхановтың кандидатурасын Құрылтайдың бейінді комитеті келісті.

Жаңа министр 1985 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. Көкшетау техникалық институтын және Санкт-Петербург мемлекеттік өртке қарсы қызмет университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасында нормативтік-техникалық бөлімнің бас маманы ретінде бастаған.

2006–2023 жылдары Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінде түрлі қызметтер атқарды. 2023–2024 жылдары ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары міндетін уақытша атқарды.

2024 жылғы сәуірден бастап Маңғыстау облысы ТЖД бастығы болды. Ал 2026 жылғы маусымнан бері Төтенше жағдайлар министрлігінің аппарат басшысы қызметін атқарған.

Мұрат Мұханов Төтенше жағдайлар министрі қызметінде 2024 жылғы ақпаннан бері ведомствоны басқарған Шыңғыс Әріновті алмастырды.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі