Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда тауық еті қымбаттады - Нарық

Қазақстанда тауық еті қымбаттады - Нарық

Елімізде тауық еті қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, Ресей тауығын Қазақстанға тасымалдауға уақытша тыйым салынды. Еліміздің ауыл шаруашылығы министрлігі көршілеріміздің "Ставропольский бройлер" құс фабрикасының өнімдерінен адам денсаулығына зиян микроорганизмдер тауыпты.

Әсіресе, бұл фабрикадан шыққан "Благояр" балапанының қанаттары қауіпті, дейді мамандар. Сонымен қатар, тағы бір "Курников" құсының құрамында да зиянды микроорганизмдер шектен тыс болып шыққан. Алайда, біздің Ауыл шаруашылығы министрлігі "Ставропольский бройлер" өнімдеріне қатаң тыйым салды.

Бұған дейін тағы алты ресейлік кәсіпорынның өнімін Қазақстанға кіргізуге шектеу қойылған еді. Осыған байланысты болса керек, елімізде құс еті қымбаттап жатыр. Мәселен, Павлодарда 20 пайызға өскен. Алматы мен Шымкентте де баға шарықтап, сиыр мен жылқы етінің бағасымен теңесіп шыға келіпті.

"Тауық төсі қазір 1700. Бұрын 1100 болған. Бір айда бағасы көтерілді. Клиенттер аз, өзіңіз көріп отырсыз. Неге қымбат деп сұрап жатыр", - деді сатушы Фарида Бадалова.

Дереккөз: КТК

Автор
Жандос