"Жақында бәрі өзгереді": Назарбаевтың жиен немересі шұғыл үндеу жасады (ФОТО)
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда тағы бір тілге ресми мәртебе берілуі мүмкін

Қазақстанда тағы бір тілге ресми мәртебе берілуі мүмкін
Фото: depositphotos.com

Мәжілістің жұмыс тобында есту және сөйлеу қабілеті бұзылған азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған маңызды бастама қолдау тапты. Мәселе ым тіліне заңнамалық деңгейде ресми мәртебе беруге қатысты, деп хабарлайды kznews.kz.

Бәрі Қазақстан саңыраулар қоғамының жетекшісі Сайлаугүл Омарханованың Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Ходжаназаровпен кездесуінен басталды. Ол есту қабілеті бұзылған адамдардың күнделікті өмірде тап болатын қиындықтарын баяндады: мемлекеттік қызметтерді ала алмау, білім алудағы, медицина мен сот жүйесіндегі кедергілер, ым тілінен аударушылар мен бейімделген контенттің жетіспеушілігі. Сөйтіп бұл тақырып «жекелеген мәселе» болудан шығып, нақты заңнамалық міндетке айналды.

Өткен аптада Respublica партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Екатерина Смолякова осы мәселе бойынша депутаттық сауал жолдады. Ал маңызды норманың бастамашысы ретінде фракциядағы әріптесі, Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау болды. Заң жобасымен жұмыс істеу барысында ол есту және сөйлеу қабілеті бұзылған адамдарды қолдауға қатысты түзетулер енгізді.

Екатерина Смолякованың айтуынша, бүгінде Қазақстанда есту және сөйлеу қабілеті бұзылған 30 мыңнан астам адам өмір сүреді, оның 5 мыңға жуығы балалар.

«Бірақ осы уақытқа дейін ым тілі заңнамалық деңгейде толыққанды бекітілмеген еді. Құрғақ сандардың артында әрқашан нақты адамдардың тағдыры тұр. Адам ауруханада түсіндіре алмай жүргенде. Қызмет ала алмай жүргенде. Естілер оны тыңдамағанда. Әрине, бұл соңғы нүкте емес. Бірақ бұл ым тіліне ресми мәртебе беруге бастайтын өте маңызды қадам. Өйткені шынайы күшті және жетілген қоғам — бұл "бәріне бірдей" деген сөздер емес. Бұл әр адам шынымен естіле алатын нақты жағдайлар», — деді ол.

Смолякова мәселені өзінің жеке бақылауында ұстайтынын да жеткізді.

Бүгін Үкіметтен ұсынылған түзетулерге қолдау білдірілген қорытынды алынды. Мәжілістің жұмыс тобы бұл бастаманы бірауыздан мақұлдады.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі