KZNews.kz
Шоу-бизнес

Қазақстанда тағы 9 адамнан коронавирус табылды

Еркебұлан

Республиканың үш өңірінде тоғыз адам індетке шалдықты, осылайша науқастардың жалпы саны 293-ке жетіп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз – Sputnik. Қазақстанда тағы тоғыз адам қауіпті вирус жұқтырды, деп хабарлайды коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб.

"30 наурыз сағат 11:10 жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 9 адам тiркелді, Алматы қаласында - 3 адам, Қызылорда облысында - 3 адам, Ақмола облысында - 3 адам", - делінген хабарламада.

Республикада коронавирус жұқтырғандар саны 293 адамға жетті. 

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 167 адам, Алматы қаласында – 73 адам, Қарағанды облысында - 7, Ақмола облысында - 9 адам, Атырау облысы - 12 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкентте - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 6 адам, Ақтөбе облысында - 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 5 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам тіркелді.


sputniknews.kz
Еркебұлан
Журналист
Автордың басқа материалдары →