НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. Қазақстанда тағы он жеті адамнан коронавирус табылды, деп хабарлайды коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб.
"31 наурыз сағат 09:40-тағы жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 17 адам тiркелді", - делінген хабарламада.
Нұр-Сұлтан қаласында - 2, Алматы қаласында - 9, Қызылорда облысында - 3, Атырау облысында - 1, Ақтөбе облысында -1, Солтүстік Қазақстан облысында 1 адам тіркелген.
Осылайша республика бойынша індетке шалдыққандар саны 325-ке жетті. 21 адам жазылып шықты, 1 адам қайтыс болды.
Нұр-Сұлтан қаласында – 175
Алматы қаласында – 82
Шымкент қаласында – 2
Ақмола облысы – 10
Ақтөбе облысында – 3
Алматы облысында – 8
Атырау облысында – 13
Шығыс Қазақстан облысы – 2
Жамбыл облысында – 3
Батыс Қазақстан облысында – 2
Қарағанды облысы – 13
Қызылорда облысы – 8
Маңғыстау облысы – 1
Павлодар облысында – 1
Солтүстік Қазақстан облысында – 2.