Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда студенттердің стипедиясын көбейту жоспарлануда

Қазақстанда студенттердің стипедиясын көбейту жоспарлануда
Фото: liter.kz

Қазақстанда студенттердің стипендиясын жыл сайын арттыру бағдарламасын қайта іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, соңғы бес жылда AMANAT партиясының бағдарламасы аясында шәкіртақы жыл сайын 20–25%-ға өсіп, жалпы екі есеге дейін артқан. 2025 жылы бұл жоба аяқталғанымен, енді оны қайта жандандыру мәселесі үкіметпен талқылануда.

Министрдің сөзінше, ең жоғары өсім докторанттарда байқалған. Қазір PhD докторанттардың ай сайынғы стипендиясы шамамен 254 мың теңгені құрайды және алдағы уақытта оны тағы көтеру көзделіп отыр.

Сондай-ақ, мемлекет жоғары оқу орындарындағы оқу ақысының күрт қымбаттауына жол бермейді. Университеттерге бағаны тек 10%-дан аспайтын деңгейде ғана көтеруге рұқсат етіледі. Осыған байланысты биыл оқу ақысы айтарлықтай өспейді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.