Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда өндірілген күнбағыс майы Қытай нарығына шығады

Қазақстанда өндірілген күнбағыс майы Қытай нарығына шығады

«Сей-Нар» өндірістік кешені» ЖШС қызметінің негізгі бағыты – тазартылмаған өсімдік майы, шрот, ұн және ауыл шаруашылығының басқа да қайта өңделетін өнімдерін шығару болып табылады. Кәсіпорын өнім көлемінің 60%-нан астамын Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан секілді шетелдерге шығарады.

Бөлінген қаражат есебінен компания қытайлық трейдермен жасалған экспорттық келісімшарт бойынша, сондай-ақ қолға алынған басқа да келісімшарттар бойынша міндеттемелерін орындауды жоспарлап отыр. Сақтандыру қорғанысының берілуі кәсіпорынның бүкіл жыл бойы үздіксіз өндірісін қамтамасыз ету үшін 20 000 тонна көлемінде күнбағыс сатып алу қажеттілігімен байланысты. Бұл шикізаттан компания 9 000 тоннаға дейін май өндіріп, өндірген өнімін Қытайға экспортқа өткізе алады. ҚХР компаниясымен жасалған экспорттық келісімшарттың жалпы сомасы он миллион АҚШ долларын құрайды.  

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ – «Бәйтерек» холдингінің еншілес компаниясы. KazakhExport экономиканың басым секторларында шикізаттық емес тауарлар, жұмыстар, қызметтер экспортының өсімін қолдау және қазақстандық кәсіпорындарды қаржылай-сақтандыру және қаржылай емес қолдау практикасын қалыптастырумен айналысады.  

Дереккөз: http://egemen.kz/
Автор
Санжар