KZNews.kz
Білім

Қазақстанда мектеп пәндері біріктірілмейтін болды

Жарқын Омаров
Фото: Pixabay.com

Қазақстанда мектеп пәндерін біріктіру идеясынан бас тартылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді., деп хабарлайды kznews.kz.

2025 жылдың желтоқсанында министр физика, химия және биология пәндерін «жаратылыстану ғылымдары» деген бір пәнге, ал алгебра мен геометрияны «математика» атты біртұтас пәнге біріктіру мәселесі қарастырылып жатқанын айтқан еді.

Қазіргі уақытта министрлік бұл бастамадан бас тартқан.

«2025 жылы алқа отырысында үш пәнді — физика, химия, биологияны “жаратылыстану ғылымдарына”, алгебра мен геометрияны “математикаға”, дүниежүзі тарихы мен құқық негіздерін “әлеуметтік ғылымға” біріктіру туралы шешім қабылданған еді. Бұл реформа тоқтатылды. Біз іргелі ғылымдар бөлек оқытылуы тиіс деп есептейміз», - деді Сүлейменова Үкіметтегі брифинг барысында.

Министр бұл мәселе мұғалімдермен талқыланғанын да атап өтті.

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →