«Қазгидромет» мамандары 23-25 қазан аралығына ауа райы болжамын ұсынды.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде антициклон әсерінен жылы әрі ашық ауа райы сақталады. Көптеген өңірлерде жауын-шашынсыз, күн шуақты болады.
«Тек республиканың батысы мен солтүстік-батысында циклонның әсерінен жауын-шашын (көбіне жаңбыр түрінде) күтіледі. Ел аумағында желдің күшеюі байқалады, ал батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түсуі ықтимал», – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Метеорологтардың айтуынша, температуралық фон айтарлықтай өзгермейді. Күндіз ауа температурасы елдің орталық және оңтүстік аймақтарында +18...+23°C, ал солтүстікте +10...+15°C шамасында сақталады.