«Әділет» партиясы ауыл мен қаладағы білім сапасын теңестіруді ұсынды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда күн қашан салқындайды? Синоптиктер болжамы

Қазақстанда күн қашан салқындайды? Синоптиктер болжамы
Жаңбыр. Көрнекі фото: Jens Kalaene/picture alliance via Getty Images

Алдағы күндері елдің бір бөлігінде аптап ыстық сақталса, солтүстікте жаңбыр жауып, ауа температурасы күрт төмендейді, деп хабарлайды kznews.kz.

Қазгидромет мәліметінше, атмосфералық фронттар Қазақстанның барлық дерлік өңіріне жаңбыр әкеледі. Синоптиктер найзағай, екпінді жел және бұршақ жаууы мүмкін екенін болжап отыр.

– 19 және 20 тамызда еліміздің солтүстігінде жаңбыр әсіресе мол жауады. 20 тамызда нөсер жаңбыр орталық өңірлерге де жетеді. Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде және таңертең тұман түседі, – деп ескертті синоптиктер.

Синоптиктердің болжамынша, жаңбыр оңтүстік өңірлерде жаумайды.

Батыс аптап ыстық сақталса, солтүстік салқындайды

Ең жоғары температура батыс өңірлерде сақталады. Күндіз ауа температурасы +30...+38 градусқа дейін көтерілсе, Маңғыстау облысының кей жерлерінде аптап ыстық +41 градусқа дейін жетеді.

Ақтөбе облысында синоптиктер +27...+35 градус аралығында ауа райын болжап отыр. Қостанай облысында күн айтарлықтай салқындап, температура +20...+30 градус шамасында болады.

Ал Қазақстанның солтүстігінде күндіз ауа температурасы +17...+22 градусқа дейін төмендейді.

Елдің орталығы мен шығысында да салқындау болады. Бұл өңірлерде күндіз +18...+30 градус аралығында жылы.

Оңтүстікте жазғы аптап сақталып, ауа температурасы +30...+37 градус. Қазақстанның оңтүстік-шығысында күндіз +28...+35 градусқа дейін жылы болады.

«Қазгидромет» болжамына сәйкес, мұндай ауа райы 18-20 тамыз аралығында сақталады.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.