Қызметкерлерге баспана, қауіпсіз еңбек және лайықты жалақы: «Әділет» партиясы әлеуметтік жауапкершілігі бар бизнес құруға шақырады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда күн күрт салқындауы мүмкін - Қазгидромет

Қазақстанда күн күрт салқындауы мүмкін - Қазгидромет
Ашық дереккөзден

Қазгидромет елдің басым бөлігіндегі аптап ыстық біртіндеп басылып, оның орнына күзгі салқын ауа райы орнайтынын хабарлады, деп жазады kznews.kz.

Синоптиктер ауа райының күрт өзгеретінін ескертті: атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның көп өңірінде жауын-шашын, екпінді жел болып, ауа температурасы айтарлықтай төмендейді.

Қырық градусқа дейін жеткен ыстықтың орнын жаңбыр мен бұршақ басады. Кейбір өңірлерде түнгі температура бір таңбалы көрсеткішке дейін төмендейді.

Алдағы күндері елдің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Солтүстік және орталық өңірлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарында қатты жаңбыр жауады.

Елдің батысы, солтүстігі мен орталығында түнгі және таңғы уақытта қою тұман түсіп, жолдағы көріну қашықтығы нашарлайды. Салыстырмалы түрде құрғақ әрі тынық ауа райы елдің батысы мен Қызылорда облысында сақталады.

Қазақстанның барлық дерлік өңірінде ауа температурасы төмендейді. Солтүстік және солтүстік-батыста күндіз 15-20 градус жылы болып, түнде ауа температурасы 7-12 градусқа дейін түседі.

Орталық, шығыс және оңтүстік өңірлерде де аптап ыстықтың беті қайтады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста күндізгі температура 43-44 градустан 30-37 градусқа дейін төмендейді.

Батыс өңірлерде ауа райы өзгеше болады. Мұнда салқын күндерден кейін температура қайта көтеріліп, 18-26 градустан 25-33 градусқа дейін көтеріледі.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.