KZNews.kz
Шоу-бизнес

Қазақстанда көлікті тіркеу уақытша тоқтатылды

Әлихан

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында бүгін сағат 10.30-12.30 және 17.00 - 19.00 кезінде көлікті тіркеу және қайта тіркеу бойынша құжат қабылданбайды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. 23 қыркүйек күні көлікті тіркеу және қайта тіркеу қызметі уақытша тоқтатылады. Бұл туралы өзінің Facebook-тегі парақшасында "Үкімет азаматтар үшін" мемлекеттік корпорациясы" АҚ атқарушы директоры Мұрат Жұманбай хабарлады.

"2019 жылдың 23 қыркүйегінде ІІМ мәліметтер базасында техникалық жұмыстар жүреді. Осыған байланысты 10.30-12.30 және 17.00-19.00 кезінде мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында көлікті тіркеу және қайта тіркеу бойынша құжаттар қабылданбайды", - деп жазылған хабарламада.

Бұл қызмет осы уақытта электронды үкімет порталында да жұмыс істемейді.


sputniknews.kz
Әлихан
Журналист
Автордың басқа материалдары →