Ұлытау облысында 300 пәтерлі тұрғын үй кешендерінің құрылысы басталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда «клон» смартфондар бұғатталуы мүмкін

Қазақстанда «клон» смартфондар бұғатталуы мүмкін
фото: kznews AI

Қазақстанда мобильді құрылғыларды тіркеу тәртібін күшейту ұсынылды. Жаңа талап бойынша смартфонды тіркеу немесе қайта тіркеу кезінде, сондай-ақ телефон нөмірі мен құрылғыны алғаш рет рәсімдегенде азаматтар биометриялық тексеруден өтуге тиіс, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл жүйе телефонның елге әкелінген немесе өндірілген сәтінен бастап жөнделуі, қайта сатылуы және бұғатталуына дейінгі толық тарихын бақылауға мүмкіндік береді.

Егер құрылғының сәйкестендіру коды өзгертілгені немесе қайталанғаны, телефонның клондалғаны анықталса, сондай-ақ ол халықаралық «қара тізімге» енсе, Қазақстанның байланыс желілерінде қолданылуы шектелуі мүмкін.

Әзірге бұл талаптар түпкілікті қабылданған жоқ. Тиісті құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланып, 14 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.