Шоу-бизнес

Қазақстанда кеңселерді жалға алу құны қанша?

KZNEWS KZNEWS
Қазақстанда кеңселерді жалға алу құны қанша?

Еnergyprom.kz 2018 жылдың қараша айының қорытындысы бойынша Қазақстанда кеңселерді жалға алу құны қаншалықты өзгергенін жария етті.

D санатты бюджеттік кеңселерді жалға алу төлемі былтырмен салыстырғанда 73,9%-ға артып, шаршы метріне 1610 теңге болған. В санатындағы кеңселерді жалға алу 7,4%-ға қымбаттаған, шаршы метрінің құны – 2776 теңге. А санатындағы зәулім (элита) кеңселер, керісінше, арзандаған – шаршы метрінің құны 4147 теңгеден болып тұр, яғни жалға алу бағасы 0,2%-ға төмендепті.

Дүңгіршектерді жалға алу құны бір жыл ішінде 27,1%-ға төмендеген: шаршы метрі – 3460 теңге, дәріханаларға арналған бөлмелердің шаршы метрі 3766 теңге болған, яғни бір жылда баға 19%-ға төмендеген, дүкендерді жалға алу құны 15,8%-ға төмендеді, қазір мұндай орындардың әр шаршы метрі орташа есеппен 2239 теңге тұрады.

Бутик
Бутик
Фото: Etoday.ru

Сауда үйлері мен сауда ойын-сауық орталықтарындағы бутиктерді жалға алу құны болса, керісінше, жоғарылаған. Бутиктердің шаршы метрін жалға алу 5363 теңге тұрады, бір жыл ішінде баға 3,8%-ға өскен.

Қоғамдық тамақтану орындарына келсек, мейрамханаларды жалға алудың айлық төлемі 26,9%-ға төмендеген, қазір шаршы метрі – 2065 теңге. Дәмханаларды жалға алу құны 14,6%-ға азайған, шаршы метрі – 2434 теңге. Асханаларды жалға алу 11,8%-ға арзандады, шаршы метрі – 1693 теңге.

Тұрмыстық сервис бөлмелерінен шаштараздар мен сұлулық салондарын жалға алу төлемі 1%-ға ғана өскен: шаршы метрі қазір 2657 теңге тұрады.

Бильярд залдарын жалға алу 46,9%-ға арзандап кеткен, ондай бөлмелердің шаршы метрі 858 теңгеге түсті. Фотосалондарды жалға алу да арзандады, шаршы метрі 4422 теңге тұрады, яғни баға 16,6%-ға төмендеді. Химиялық тазалау және кір жуу орындарын жалға алу құны 12,7%-ға төмендеді (шаршы метрі – 4314 теңге), фитнес клубтары мен тренажер залдары 9,4%-ға арзандады, шаршы метрі 1278 теңге тұрады.

Қойма
Қойма
Фото: Skladsochi.ru

Қоймаларға келсек, С санатындағы орындарды жалға алу 6,2%-ға (шаршы метрі 941 теңгеге дейін), В санатындағы зат сақтау орындары 6%-ға (шаршы метрі 1482 теңге) қымбаттаған. А санатындағы қоймалар 4,2%-ға арзандады, шаршы метрін жалға алу құны – 2618 теңге. D санатындағы қоймаларды жалға алу бағасы 2%-ға төмендеді (шаршы метрі 601 теңгеге дейін).

Автокөлік жуу орындарын жалға алу бірден 38%-ға қымбаттаған (шаршы метрі 991 теңгеге дейін), техникалық қызмет көрсету станцияларын жалға алу бағасы 1,5%-ға төмендеді (шаршы метрі 845 теңгеге дейін).

Өндіріс цехтарын жалға алу құны 9%-ға көтерілді, шаршы метрі – 975 теңгеге дейін. Өнеркәсіп базаларының шаршы метрі 773 теңгеге дейін арзандады (25,4%).

Жерүсті паркингтерінің жалға алу құны биыл шаршы метріне 705 теңгеге дейін төмендеді (60,6%-ға арзандаған), жерасты тұрақтары 38,7%-ға арзандаған, шаршы метрі – 3305 теңге.

Валюта айырбастау орындарын жалға алу бағасы көтерілді – шаршы метрі 5920 теңгеге дейін (32,2%). Банк филиалдары үшін ғимаратты жалға алу 0,8-ға қымбаттады (шаршы метрі – 5932 теңге).

Қаңтар-қараша айларында елімізде кеңселер үшін 4,2 мың нысан пайдалануға берілген. Бұл – былтырға қарағанда 2,7%-ға аз. Жаңадан салынған нысандардың 1100-і – сауда орны, олардың саны былтырға қарағанда 5,5%-ға көбейіп отыр. Сауда кеңселеріне арналған орындардың көбін жеке компаниялар салған.

Кеңсе офис
Кеңсе офис
Фото: Тopdom.ru

Жаңадан салынған ауыл шаруашылығы нысандарының саны 33%-ға көбейген – 274, мәдениет пен ойын-сауық кеңселері 25,6%-ға артты – 157, өнеркәсіп кеңселерінің саны 455 болды, яғни 24,3%-ға көбейген. Мәдениет пен ойын-сауық кеңселерінің 58-ін мемлекеттік компаниялар пайдалануға берген.

Биыл пайдалануға берілген кеңселердің 83-ін (18,2%-ы) шетел компаниялары тұрғызған.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!
Дереккөз: Baribar.kz

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz