Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімі бекітілді, деп хабарлайды kznews.kz.
Құжатқа 40 қызмет түрі кіреді.
“Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін”, – делінген үкімет қаулысында.
Тізімге келесі қызмет түрлері кіреді:
Мал шаруашылығын дамытуға ықпал ететін қызмет;
Музыкалық аспаптар өндірісі;
Сырлау-әрлеу (штукатур) жұмыстары;
Столярлық және ағаш ұсталық жұмыстары;
Еден жабу және қабырғаларды қаптау;
Бояу және әйнектеу жұмыстары;
Желі маркетингі арқылы бөлшек сауда;
Такси қызметі;
Басқа пошта және курьерлік қызмет (өзге пошта қызметін қоспағанда);
Дайын тамақты жеткізу қызметі;
Өз меншігіндегі немесе жалға алынған тұрғын үйді жалға беру (субаренда) және басқару;
Фотоқызметтер;
Ауызша және жазбаша аударма қызметі;
Ветеринариялық қызмет;
Жеке тұтыну және тұрмыстық тауарларды жалға беру және лизинг;
Тұрғын үйлерді жалпы тазалау;
Интернет платформалар арқылы көрсетілетін өзге де көмекші коммерциялық қызметтер (басқа топтарға кірмейтін);
Спорт және демалыс саласындағы білім беру;
Мәдениет саласындағы білім беру;
Басқа топтарға кірмейтін өзге білім беру қызметі;
Көркем және әдеби шығармашылық;
Компьютерлер мен перифериялық құрылғыларды жөндеу;
Байланыс жабдықтарын жөндеу;
Электронды тұрмыстық техниканы жөндеу;
Тұрмыстық құрылғыларды, үй және бақша жабдықтарын жөндеу;
Аяқ-киім жөндеу;
Табиғи және жасанды былғарыдан жасалған жол және галантерея бұйымдарын жөндеу;
Жиһаз және интерьер заттарын жөндеу;
Қол сағаттары және басқа да сағаттарды жөндеу;
Зергерлік бұйымдарды жөндеу;
Трикотаж және тоқыма бұйымдарын жөндеу;
Тігін бұйымдарын, бас киімдерді және тоқыма галантерея бұйымдарын жөндеу;
Теріден және былғарыдан жасалған бұйымдар мен бас киімдерді жөндеу;
Музыкалық аспаптарды жөндеу;
Кілемдер мен кілем бұйымдарын жөндеу;
Велосипед жөндеу;
Өзге де жеке тұтыну және тұрмыстық тауарларды жөндеу (басқа топтарға кірмейтін);
Шаштараз және сұлулық салондары қызметтері;
Үй шаруашылықтарының үй қызметшілерін жұмысқа жалдауы;
Үй шаруашылықтарының өз қажеті үшін тауарлар өндіруі.
Қаулы 2026 жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.