Экономика

Қазақстанда кәсіпкерлерге 40 қызмет түрі бойынша жеңілдетілген салық режимімен жұмыс істеуге рұқсат етілді

Жарқын Омаров Жарқын Омаров
Қазақстанда кәсіпкерлерге 40 қызмет түрі бойынша жеңілдетілген салық режимімен жұмыс істеуге рұқсат етілді
Фото:depositphotos.com

Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімі бекітілді, деп хабарлайды kznews.kz.

Құжатқа 40 қызмет түрі кіреді.

“Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін”, – делінген үкімет қаулысында. 

Тізімге келесі қызмет түрлері кіреді:

Мал шаруашылығын дамытуға ықпал ететін қызмет;
Музыкалық аспаптар өндірісі;
Сырлау-әрлеу (штукатур) жұмыстары;
Столярлық және ағаш ұсталық жұмыстары;
Еден жабу және қабырғаларды қаптау;
Бояу және әйнектеу жұмыстары;
Желі маркетингі арқылы бөлшек сауда;
Такси қызметі;
Басқа пошта және курьерлік қызмет (өзге пошта қызметін қоспағанда);
Дайын тамақты жеткізу қызметі;
Өз меншігіндегі немесе жалға алынған тұрғын үйді жалға беру (субаренда) және басқару;
Фотоқызметтер;
Ауызша және жазбаша аударма қызметі;
Ветеринариялық қызмет;
Жеке тұтыну және тұрмыстық тауарларды жалға беру және лизинг;
Тұрғын үйлерді жалпы тазалау;
Интернет платформалар арқылы көрсетілетін өзге де көмекші коммерциялық қызметтер (басқа топтарға кірмейтін);
Спорт және демалыс саласындағы білім беру;
Мәдениет саласындағы білім беру;
Басқа топтарға кірмейтін өзге білім беру қызметі;
Көркем және әдеби шығармашылық;
Компьютерлер мен перифериялық құрылғыларды жөндеу;
Байланыс жабдықтарын жөндеу;
Электронды тұрмыстық техниканы жөндеу;
Тұрмыстық құрылғыларды, үй және бақша жабдықтарын жөндеу;
Аяқ-киім жөндеу;
Табиғи және жасанды былғарыдан жасалған жол және галантерея бұйымдарын жөндеу;
Жиһаз және интерьер заттарын жөндеу;
Қол сағаттары және басқа да сағаттарды жөндеу;
Зергерлік бұйымдарды жөндеу;
Трикотаж және тоқыма бұйымдарын жөндеу;
Тігін бұйымдарын, бас киімдерді және тоқыма галантерея бұйымдарын жөндеу;
Теріден және былғарыдан жасалған бұйымдар мен бас киімдерді жөндеу;
Музыкалық аспаптарды жөндеу;
Кілемдер мен кілем бұйымдарын жөндеу;
Велосипед жөндеу;
Өзге де жеке тұтыну және тұрмыстық тауарларды жөндеу (басқа топтарға кірмейтін);
Шаштараз және сұлулық салондары қызметтері;
Үй шаруашылықтарының үй қызметшілерін жұмысқа жалдауы;
Үй шаруашылықтарының өз қажеті үшін тауарлар өндіруі.

Қаулы 2026 жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. 

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz