Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда кальянға қайта рұқсат берілуі мүмкін

Қазақстанда кальянға қайта рұқсат берілуі мүмкін
Ашық дереккөз

Қазақстанда кальянды пайдалану ережелері қайта қаралып жатыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл туралы Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов Сенатта өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Айтуынша, қазір әкімшілік жауапкершілік тетіктері және кальянды елге әкелуге рұқсат беру, жабдықты пайдалану, сондай-ақ қоғамдық орындарда қолданылатын заттардың тізімі сияқты кең ауқымды мәселелер қарастырылып жатыр.

- Бұл мәселеге қатысты талқылау өте кең жүргізілуде. Ең алдымен, Қазақстан аумағына кальян әкелуге рұқсат, жабдықты дұрыс пайдалану және кальян дайындауда қолданылатын заттардың тізбесін бекіту қарастырылып отыр. Талқылауға халықаралық жұмыс топтары, әкімшілік полиция комитеті және заң шығарушы орган қатысып жатыр. Жұмыс жалғасады, ал қорытындысы бойынша қабылданған шешімді міндетті түрде жариялаймыз, – деді министрдің орынбасары.

Вице-министрдің пайымдауынша, бұл мәселе бойынша қосымша қоғамдық тыңдаулар өткізу мүмкіндігі де бар. Барлық аспектілер жан-жақты зерделенгеннен кейін ғана түпкілікті шешім қабылданады.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.