"Изолятор сияқты": Қостанай облысында да жазғы лагерьден шу шықты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда ипотекаға қатысты жаңа ережелер жарияланды

Қазақстанда ипотекаға қатысты жаңа ережелер жарияланды
Фото: centralmedia24.kz

Қазақстанда ипотекалық несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің жаңа шегі енгізіледі, деп хабарлайды kznews.kz.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің (ЖТСМ) шекті деңгейін өзгерту туралы бірлескен қаулы қабылдады.

Қаулыға сәйкес, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ипотекалық несиелер бойынша ЖТСМ-нің ең жоғары мөлшері қарыздың кепіл мүлкінің құнына қатынасын көрсететін LTV коэффициентіне қарай белгіленеді.

Егер LTV коэффициенті 0,7-ге дейін болса, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті деңгейі 20%-ды құрайды. Ал бұл көрсеткіш 0,7-ден асқан жағдайда шекті мөлшерлеме 25% деңгейінде сақталады.

Сонымен қатар, 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша қолданыстағы 25%-дық шекті мөлшерлеме өзгеріссіз қалады.

Басқа қарыздар мен микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті деңгейіне өзгеріс енгізілмейді.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі