Қазақстанда білім беру грантын алу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі рет тапсыру мүмкіндігі жойылады. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өзінің Instagram парақшасында айтты, деп хабарлайды kznews.kz.
Оның айтуынша, тестілеуді бірнеше рет тапсыру талапкерлерді сапалы іріктеу мәселесін толық шеше алмайды.
«Жалпы ҰБТ жүйесін трансформациялау қажет. Грант конкурсына қатысу үшін бір реттік тапсыруды объективті әрі соңғы бағалау ретінде бекіту керек. Сонымен қатар, білім деңгейін өздігінен бағалау және дайындық әдістерін дер кезінде түзету үшін сынақ тестілеу жүйесі сақталады», – деді вице-премьер.
Білім беру грантын алу үшін ҰБТ-ны екі рет тапсыру мүмкіндігі талапкерлерге 2022 жылы енгізілген болатын.