«Ажал аранына» айналған теміржол: Жұмысшы өмірінің құны қанша?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғыстың қанша ардагері қалды?

Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғыстың қанша ардагері қалды?
kznews.kz коллажы

Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің қатары жыл санап сиреп барады. Бүгінде ел бойынша небәрі 83 ардагер ғана қалған, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл туралы Азаматтарға арналған үкімет корпорациясының дерегінде айтылды. Ресми мәліметке сәйкес, олардың 69-ы – тікелей соғысқа қатысқан ардагерлер болса, 14-і – соғыс мүгедектері.

Бұл көрсеткіш уақыт өткен сайын азая бермек, өйткені соғысқа қатысқандардың жасы бүгінде ғасырлық межеге жақындаған.

Тарихи деректерге сүйенсек, 1941-1945 жылдары майданға Қазақстаннан шамамен 1,2 миллион азамат аттанған. Бұл – сол кездегі халық санына шаққанда аса жоғары көрсеткіш. Соғысқа кеткендердің едәуір бөлігі елге оралмаған.

Мемлекет ардагерлерді қолдау шараларын жалғастырып келеді. Соның бір дәлелі – арнайы әлеуметтік төлемдер. Мәселен, Қостанай облысында соғыс ардагерлеріне 5 миллион теңге көлемінде біржолғы көмек аударылған.

Корпорация мәліметінше, арнайы төлем алушылар саны бойынша көш бастап тұрған өңірлер мыналар:

  • Алматы қаласы - 26 адам
  • Алматы облысы - 8 адам
  • Қостанай облысы - 6 адам
  • Шығыс Қазақстан облысы - 4 адам
  • Қарағанды облысы - 4 адам

Аталған төлемдер –  ардагерлер мен соғыс мүгедектеріне мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік қолдаудың бір бөлігі. 

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.