“Түсіндірме жұмысы” – Конститутциядан орыс тілін алып тастауды талап еткен Дина Елгезектің үйіне полиция барды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда екінші АЭС-тің қайда салынатыны белгілі болды

Қазақстанда екінші АЭС-тің қайда салынатыны белгілі болды
Фото: gov.kz

Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Үлкен ауылында Қазақстандағы екінші атом электр станциясының құрылыс алаңын талқылауға арналған қоғамдық тыңдау өтті, деп хабарлайды kznews.kz.

5 желтоқсанда ұйымдастырылған басқосуда мамандар жергілікті тұрғындарға алдын ала жүргізілген зерттеулердің нәтижесін таныстырып, атом электр станцияларының энергетикалық қауіпсіздік пен аймақтың дамуы тұрғысынан беретін артықшылықтары туралы кеңінен түсіндірді. Талқылауға қатысқандардың басым бөлігі жобаны қолдайтындарын білдірді.

Осылайша, Қазақстандағы екінші АЭС Алматы облысының Жамбыл ауданында салынатыны белгілі болды.

«Бұл жоба біздің аудан халқы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Жұмыс орындары пайда болып, өңірдің энергиямен қамту мәселесін шешуге септігін тигізеді. Сонымен қатар, инфрақұрылым дамып, болашақ ұрпаққа тұрақты әрі сенімді энергетикалық жүйе қалдыруға мүмкіндік береді», — деді Жамбыл ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Бағдат Әлиев.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.