KZNews.kz
Жаңалықтар

Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді

Қайсар Қанат
Ауа райы. Фото: Ашық дереккөзі

«Қазгидромет» синоптиктері 29, 30 қараша және 1 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды kznews.kz.

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы күтіледі – жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын түседі. Республикасының солтүстігінде, шығысында, орталығында төменгі бұрқасын, көктайғақ болады деп болжануда.

«Тек республиканың батысында, оңтүстік-шығысында антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі», – деді синоптиктер.

Қазақстанның солтүстігінде ауа температурасының аздап көтерілуі күтіледі: түнде 0–8 градус аяз, күндіз 0–5 градус жылы болады. Оңтүстік-шығыста күндізгі температура біртіндеп 3–11 градус жылудан тау бөктері мен таулы аудандарда 0–5 градус аязға дейін төмендейді.

Қалған аумақтарда ауа температурасының маңызды өзгерістері күтілмейді, деп толықтырды мамандар.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары