Қазақстанда әскери қызметкерлерге көрсетілетін материалдық көмектің мөлшері 425 мың теңгеге дейін артты, деп хабарлайды kznews.kz.
Жаңа тәртіп 21 сәуірден бастап күшіне енді. Енді төлем көлемі ең төменгі жалақыға (ЕТЖ) байланысты есептеледі. 2026 жылы ЕТЖ мөлшері 85 мың теңгені құрайды.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, жақын туысы, жұбайы немесе қайын жұрты қайтыс болған жағдайда әскери қызметкерге ең төменгі жалақының бес есесіне дейін, яғни 425 мың теңгеге дейін материалдық көмек беріледі.
Ал неке қию, бала туу немесе асырап алу, мүліктік зиян келуі және емделу қажет болған жағдайларда үш есеге дейін, яғни 255 мың теңгеге дейін төлем қарастырылған.
Ведомство өкілдері бұл төлемдер бюджет қаражатын үнемдеу есебінен жүзеге асырылатынын атап өтті.