Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімінде болған жағдай қоғамда пікірталас тудырды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда алимент мәселесін шешу жолы табылды

Қазақстанда алимент мәселесін шешу жолы табылды
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда ата-аналар балаларына 18 миллиард теңге қарыз. Алимент бойынша берешектің артуы аясында Мәжілісте мемлекеттік алимент қорын құру ұсынылды, ол ата-аналар төлемеген жағдайда да балаларға төлемдердің берілуіне кепілдік беруі тиіс. Мұндай бастаманы депутат Магеррам Магеррамов көтерді, деп хабарлайды kznews.kz.

Депутат дерек келтірді: алимент бойынша жалпы берешек 18 миллиард теңгеге жеткен. Бжұл ретте ол нақты сома бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін деп есептейді - статистикаға тұрақсыз төлейтіндер немесе ең төменгі соманы аударатындар әрдайым кіре бермейді.

"Бұл 18 миллиард - мүлдем төлемейтіндер немесе үш айдан астам уақыт бойы төлемегендер. Ал егер айына бір рет, екі айда бір рет немесе ең төменгі соманы төлейтіндерді ескерсек, берешек екі есе көп болуы мүмкін. Кейбіреулер үшін бұл жай ғана сан, бірақ оның артында дәл қазір қолдауды қажет ететін тірі балалар тұр", - деді депутат.

Ресми деректер бойынша, балалардың шамамен 4 пайызы алимент алады, бұл 300 мыңнан астам адам. Әсіресе мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларда жағдай қиын, онда емделу мен күтімге кететін шығындар тұрақты.

Депутат мемлекеттік алимент қорын құруды және борышкерлерге төлемдерден жалтаруға мүмкіндік беретін заңнамалық олқылықтарды жоюды ұсынды.

Идея мәні - ата-ананың іс-әрекетіне қарамастан, баланың ақшаны уақытылы алуын қамтамасыз ету. Мемлекет алиментті төлеп отырады, содан кейін оны борышкерден өзі өндіріп алады.

Оның айтуынша, бұл жерде мәселе төлемейтіндерді ынталандыруда емес, балалардың мүддесін қорғап, оларға төлемдерге кепілдік беруде болып отыр.

"Неге әйелдер сот шешімімен бекітілген нәрсеге қол жеткізу үшін табалдырық тоздыруға мәжбүр? Неге біз ерекше назар мен қорғауға мұқтаж жандардың іс жүзінде бұдан мақұрым қалуына төзіп келеміз? Мұндай жағдайда оларды осы мәселемен бетпе-бет қалдыру - оларды әлеуметтік тығырыққа тіреп, психологиялық құлдырауға итермелеу деген сөз", - деді мәжілісмен.

Қорды салықтық емес түсімдер, сондай-ақ Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылып отыр, ол қорға заңсыз иемденілген активтерді қайтарудан түскен ақша бағытталады.

Сонымен қатар депутат биліктің мұндай шаралар "масылдыққа" әкелуі мүмкін деген қаупімен келіспеді. Оның пікірінше, мәселе басқада - төлемейтіндердің жазасыз қалуында болып отыр.

"Үкіметтің бұл мәселені түбегейлі шеше алмауы жауапсыздыққа әкеп соқты, қарыз сомасының өзі бәрін айтып тұр", - деп түсіндірді мәжілісмен.

Бұл жерде масылдықтан емес, жауапсыз ата-аналардың жазасыз қалатынына сенімді болуынан және өз балаларына деген жауапсыздықтың артуынан қорқу керек, деп есептейді ол.

"Бұл қаражат балалардың игілігіне қызмет етсін. Мұндай тәсіл механизмнің тұрақтылығын қамтамасыз етіп қана қоймай, мемлекеттік ресурстарды ең сезімтал әлеуметтік міндеттердің бірін шешуге бағыттауға мүмкіндік береді", - деп түйіндеді депутат.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.