KZNews.kz
Білім

Қазақстанда алғаш рет «Араб тілі айы» өтті

Абзал Бахытжан

Король Салман атындағы Халықаралық академиясымен “Араб тілі айы” атты іс-шарасының ашылу салтанаты өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде, бүгін, Қазақстанда алғаш рет Король Салман халықаралық академиясы, ҚазҰУ қолдауымен “Араб тілі айы” атты іс-шараның ашылу салтанаты өтті.

Инновациялық даму, технологияларды жетілдіруді, сонымен қоса оқу үдерісіне енгізуді көздейтін бұл іс-шара үш бағыттан (араб каллиграфиясы, араб поэзиясын мәнерлеп оқу және араб тіліндегі сторителлинг) тұратын байқаудан басталды. Бүгінгі болған “Араб тілі айы” атты іс-шараның ашылу салтанатында, байқаудың жеңімпаздарын марапаттады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, өткелі жатқан іс-шараның толықтай қолдайтынын, оқытушылары, зерттеушілері және студенттері арасындағы тәжірибе алмасуы, Ұлттық Университеттің иновациялық, технологиялық дамуы үшін керек екенін және Шығыстану факультетінеде “Арабтану” пәні бар екенін, одан бөлек ҚазҰУ “Ислам ынтымақтастық ұйымының” мүшесі екенін, бізге Әл-Фараби атындаңы Қазақ Ұлттық Университетінің Басқарма төрағасының орынбасары – бірінші проректор Дүйсенов Еркін Эрманұлы жеткізді.

Король Салман атындағы Халықаралық араб тілі академиясының бас хатшысы Абдулла бин Салех әл-Уашми өзінің жылы лебізбен қарсы алғанымызға алғысын білдіре отырып, ҚазҰУ мен өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы мемарандумға қол қойып, әрі қарай ЖОО арқылы жұмыс істеп, ғылыми-зерттеу серіктестік құратынын айтты.

Абзал Бахытжан
Автордың басқа материалдары