Зейнетақы қорының мәліметінше, 2026 жылы Қазақстанда зейнет жасы өзгеріссіз қалады. Ерлер бұрынғыдай 63 жаста, ал әйелдер 61 жаста зейнетке шығады. Әйелдер үшін бұл көрсеткіш 2027 жылдың соңына дейін сақталады, деп хабарлайды kznews.kz.
2028 жылдан бастап Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасы кезең-кезеңімен ұлғая бастайды (жыл сайын алты айға өседі):
- 2028 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 61,5 жас;
- 2029 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 62 жас;
- 2030 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 62,5 жас;
- 2031 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 63 жас.
Осылайша, 2031 жылдан бастап Қазақстанда ерлер мен әйелдер үшін зейнеткерлік жас бірдей – 63 жас болып белгіленеді.