Корпоративтік несие портфелі: шағын бизнес әлі де мемлекеттік қолдауға тәуелді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда Абай есімді 9 әйел бар

Қазақстанда Абай есімді 9 әйел бар
Ашық дереккөз

10 тамыз – Қазақстанда Абай күні аталып өтеді. Осыған орай Ұлттық статистика бюросы елде Абай есімді қанша адам бар екенін және осы есімге қатысты қызықты деректерді жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Қазақстанда Абай есімі 18 961 адамда бар.

Абай есімді адамдардың ең көбі Астанада тұрады. Елордада 2 186 Абай тіркелген. Түркістан облысында – 2 008 адам, ал Алматыда 1 740 адам Абай есімімен тіркелген.

Абай есімі сәбилерге де қойылады

Абай есімі қазір де жаңа туған балаларға қойылып жүр. 2026 жылдың алғашқы алты айында 91 сәбиге Абай есімі берілген.

Бұл есім көбіне ер балаларға қойылады. Дегенмен Қазақстанда Абай есімді тоғыз әйел де бар.

Абай есімімен аталған ауылдар бар

Абайдың есімі елді мекендерге де берілген. Қазақстанда оның атымен аталған бір облыс, бір қала, үш аудан және 26 ауыл бар.

Сонымен қатар Қазақстанда Ибраһим есімімен 37 844 адам тіркелген. Олардың арасында Ибрагим және Ибрахим деген нұсқалар да бар.

Айта кетейік, 10 тамыз – Абай күні. Биыл ұлы ақын, ағартушы әрі композитор Абай Құнанбайұлының туғанына 181 жыл толып отыр.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі