Қазақстанда мектептерде смартфон қолдануға қатысты жаңа ережелер әзірленіп жатыр. Оған сәйкес, 7-сыныпқа дейінгі оқушылар сабақ басталар алдында ұялы телефондарын тапсыруға міндеттелуі мүмкін, деп хабарлайды kznews.kz.
Министрдің айтуынша, ведомство қазіргі уақытта тиісті ережені дайындап жатыр. Ал жоғары сынып оқушыларына қатысты талаптар әлі де талқылану үстінде.
Оның сөзінше, жоғары сыныптарда шектеулер жеңілірек болуы мүмкін. Себебі оқу процесінің бір бөлігі онлайн платформалар арқылы өтеді, сондай-ақ оқушылар ҰБТ мен SAT емтихандарына дайындалады. Сондықтан бұл мәселеге қатысты соңғы шешім мұғалімдермен талқылаудан кейін қабылданады.
«Телефондарға қатысты – қазір біз тиісті ережені дайындап жатырмыз. Менің ойымша, жоғары сыныптарда бұл қажет болады, өйткені бізде көптеген пәндер онлайн платформалар арқылы өтеді, сондай-ақ ҰБТ мен SAT-қа дайындық жүріп жатыр. Бұл мәселелерді біз әлі де мұғалімдермен талқылаймыз. 7-сыныпқа дейін сабақ кезінде телефонды тапсыру қажет болады», – деді Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова.