KZNews.kz
Әлеумет

Қазақстанда 2 және 5%-дық ипотека беру басталады: кімдерге және қандай шартпен берілетіні белгілі болды

Жарқын Омаров
Фото: Ұлттық статистика бюросы

2026 жылғы 2 наурыздан бастап Отбасы банк тұрғын үйді тек түгендеуден өткеннен кейін ғана үлестіретін болады, деп хабарлайды kznews.kz.

Осы сәттен бастап инвентаризация тұрғын үй бөлу алдындағы алғашқы әрі міндетті қадамға айналады.

"Егер кезекте тұрған азамат түгендеуден өтпесе, оны кезектен шығармайды. Алайда ол қанша уақыт кезекте тұрса да, тұрғын үйді бөлу процесіне қатыса алмайды. Түгендеуден өтпеген жағдайда банк оған жалдамалы тұрғын үйді де, сондай-ақ 2% және 5%* мөлшерлемесімен жеңілдетілген несие арқылы пәтер сатып алу мүмкіндігін де ұсына алмайды", - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда кезекте тұрған азаматтардың ішінде 257 000 адам түгендеуден өтті.

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →