Еуропалық Porschist журналының Қазақстан туралы арнайы саны жарыққа шықты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты

Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты
Коллаж: Kazinform / Midjourney

1 ақпандағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 20 518 005 адамға жетті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлайды kznews.kz.
Қалалық жерлерде 13 106 358 адам, ауылдық жерлерде 7 411 647 адам тұрады. 

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, жыл басынан бері халық саны 18,1 мың адамға өскен. Оның 15,8 мыңы табиғи өсім, 2,3 мыңы – көші-қонның оң сальдосы есебінен. 

Естеріңізге сала кетейік, халық саны 20 миллионға 2023 жылдың қарашасында жеткен.

Бұған дейін былтыр Қазақстандағы халық саны 195 480 адамға өскенін жазған едік. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.