"Алматыда самсадан чип шықты" – дәмхана иелері "цифрландырудан" хабарсыз
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстан үстінде ұшақ кері қайтты: жолаушының жағдайы күрт нашарлаған

Қазақстан үстінде ұшақ кері қайтты: жолаушының жағдайы күрт нашарлаған
pexels.com. Көрнекі сурет: әуедегі ұшақ

3 мамыр күні Новосибирскіден Бакуге бағыт алған ұшақ Қазақстан аумағына жақындағанда кері бұрылуға мәжбүр болды. Бұған борттағы жолаушылардың бірінің денсаулығының күрт нашарлауы себеп болған, деп хабарлайды kznews.kz.

Mash Telegram арнасының мәліметінше, S7 әуе компаниясының ұшағы төтенше жағдайға байланысты бағытынан ауытқып, шұғыл шешім қабылдаған.

Ал РЕН ТВ хабарлауынша, S7 компаниясының баспасөз қызметі бұл ақпаратты растаған. Олардың айтуынша, Новосибирск – Баку бағытындағы S7 5579 рейсі жолаушының жағдайына байланысты жоспардан тыс Омскіге қонған.

Омбы әуежайында науқас жолаушы жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылған. Қазіргі уақытта ұшақты қайта ұшуға дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер