KZNEWS.KZ
Саясат

Қазақстан Президентінің кеңесшісі тағайындалды

• Айгерім Асылова

Әсет Ерғалиев жаңа қызметке ауысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

    — Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсет Арманұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі — Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.

Осыған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан журналистерін Ұлттық басылым күнімен құттықтағанын жазған едік.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →