"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстан мен Қырғызстан премьерлері телефонмен сөйлесті

Қазақстан мен Қырғызстан премьерлері телефонмен сөйлесті

Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев пен Қырғызстан премьер-министрі Мұхаммедкалый Абылгазиев телефонмен сөйлесіп, екіжақты қарым-қатынасты талқылады. Бұл жайында 13 желтоқсан күні Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Премьерлер телефонмен әңгімеде Еуразия экономикалық одағы аясында ынтымақтастық орнату мәселесін талқылады.

Сағынтаев пен Абылгазиев өзара сауда-саттықтағы кедергіні жоюдағы мәселелерді оңтайлы шешу үшін екіжақты тығыз қарым-қатынас орнату қажетін айтқан.

17 тамызда Астанада Қазақстан мен Қырғызстан үкіметаралық кеңесінің жетінші отырысы өткен. Жиында Сағынтаев Қазақстан Қырғызстанмен экономикалық және тату көршілік қатынасты нығайтуға ерекше көңіл бөлетінін мәлімдеген. Абылгазиев Қырғызстан Қазақстанмен қарым-қатынасты дамытуға ерекше көңіл бөлетінін айтқан. Оның сөзінше, екі ел арасындағы тауар айналымын миллиард долларға жеткізу керек.

Қазақстан мен Қырғызстан үкіметаралық кеңесінің келесі отырысы 2019 жылы Бішкекте өтеді.

Дереккөз: Азаттық
Автор
Бауыржан