ка

Қазақстан мен Латвия арасындағы матч тең нәтижемен аяқталды (видео)

15.11.2018 23:19
0
1
"Астана-Арена" стадионында өткен ойында футболдан Қазақстан құрамасы Латвиядан басым түсе алмады. Есеп тең нәтижемен аяқталған деп хабарлайды NUR.KZ.
Фото: sports.kz

Фото: sports.kz

УЕФА Ұлттар Лигасының бесінші туры аясында өткен матчта алғашқы есеп ойынның 37-ші минутында ашылды.

Жанкүйерлерге қуаныш сыйлаған Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ғафуржан Сүйімбаев болды. Футболшы бірінші кезеңде соғылған жалғыз голдың авторы.

Ал екінші кезеңде латвиялықтар ойынның 48 минутында есепті теңестіріп үлгерді. Гол авторы шабуылшы Денис Ракель.

Бұдан кейін ойын соңына дейін қос тараптың біріне жеңіс әкелетін гол соғылмады. Осылайша есеп тең нәтижемен аяқталды.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы Ұлттар Лигасының алғашқы турында Грузиядан 0:2 есебімен жеңіліс тапса, кейін Андорра және Латвия құрамаларымен тең ойнаған еді. Ал төртінші турнирде Андорра 4:0 есебімен жеңіп, алғашқы жеңісін тойлаған болатын.

 
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий