Талғатты құртқан тобыр: Ермегияевтың інісі ел білмейтін шындықты айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстан Италиядағы Паралимпиадада алғашқы медалін жеңіп алды

Қазақстан Италиядағы Паралимпиадада алғашқы медалін жеңіп алды
Паралимпиада комитеті

Қазақстандық спортшы Ербол Хамитов Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Паралимпиада ойындарында ел қоржынына алғашқы медальді салды, деп хабарлайды kznews.kz.

Парабиатлоннан әлем чемпионы атанған қазақстандық спортшы ерлер арасындағы шаңғы спринті жарысында қола жүлдеге ие болды. Іріктеу кезеңінде Хамитов алтыншы нәтиже көрсеткенімен, жартылай финалда жеңіске жетіп, финалға жолдама алды. Шешуші жарыста алты спортшының арасынан үшінші орын алып, Паралимпиада жүлдегері атанды.

Айта кетейік, бұл Ербол Хамитовтың Италиядағы Паралимпиада ойындарындағы алғашқы жарысы емес. Бұған дейін ол парабиатлон бәсекесінде де өнер көрсеткен.

Хамитов жеңіп алған медаль Қазақстан құрамасы үшін осы Паралимпиададағы алғашқы жүлде, ал қысқы Паралимпиада ойындарының тарихындағы төртінші медаль болып отыр.

Ербол Хамитовтің спорттағы жолы

28 жастағы Ербол Хамитов – Қазақстандағы параспорттың жарқын өкілдерінің бірі. Ол 2023 жылы парашаңғы жарысынан әлем чемпионы атанды. Ал 2025 жылдың ақпанында парабиатлоннан әлем чемпионатының алтынын жеңіп алған алғашқы қазақстандық болды.

Кейін ол парабиатлон бойынша Әлем кубогының жалпы есебінде жеңіске жетіп, сондай-ақ парашаңғы жарысынан әлем чемпионатында тағы бір жүлдеге ие болды.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер