KZNews.kz
Қоғам

“Қазақстан халқына” қорының басшысы қымбат киімдермен көзге түсті

Ayzhan Sylanova
Фото: Диас Бейсенбек

Белгілі болғандай, Чинкисбаеваның үстіндегі Miu Miu маркалы пиджактың бағасы шамамен 2,4 миллион теңге болса, Fendi бренді брюкінің құны 1 миллион теңгеге жуық.

Бұл жайт сирек ауруға шалдыққан балалардың ата-аналарының наразылығын тудырды. Олардың айтуынша, биыл мамыр айында қор тарапынан қаржы тапшылығына байланысты дәрі-дәрмекке қолдау тоқтатылған. Әсіресе Дюшен бұлшықет дистрофиясына шалдыққан балалардың ата-аналары Elevydis, Casimersen, Eteplirsen және Golodirsen секілді қымбат препараттарға мұқтаж екен.

Ата-аналар бірнеше рет Астанаға келіп, қор басшылығымен кездеспек болғанымен, Чинкисбаева оларды қабылдамаған. Кейін оның қымбат киімдегі суреттерін әлеуметтік желіден көргенде, наразылық одан сайын күшейген.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары