KZNEWS.KZ
Әлеумет

Қазақстан Boeing 737 MAX ұшағын пайдалануға шектеу қойды

• Жандос

Қазақстанда Boeing 737 MAX маркалы әуе кемесінің ұшулары уақытша тоқтатылды. Бұл туралы азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

"ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті 2019 жылдың 13-наурызынан бастап Қазақстанда «Scat» әуе компаниясының Boeing 737 MAX ұшағын пайдалану уақытша тоқтатылатынын хабарлайды. Қазақстан әуе кемелерінің реестрінде мұндай бір ғана ұшақ тіркелген", - деп жазылған аталған комитеттің facebook парақшасында.

Бұл шешім Эфиопиядағы Boeing 737 MAX ұшақ апатынан кейін қабылданып отыр. Оқыс оқиғадан 150-ден аса адам, оның ішінде БҰҰ-ның 19 қызметкері қаза тапқан болатын.

Бұған дейін бірқатар еуропалық елдер осы үлгідегі ұшақтардан бас тарту туралы шешім қабылдаған болатын.

Abai.kz


Abai.kz
Жандос
Журналист
Автордың басқа материалдары →