Қазақстан өз азаматтарын әлемнің қай бұрышында болмасын ешқашан жалғыз қалдырмайды, деп хабарлайды kznews.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Қазақстан паспортының беделі жыл сайын артып келе жатқанын атап өткен еді. Оның айтуынша, бұл елдің халықаралық ықпалы мен тартымдылығының өсіп жатқанын көрсетеді.
Президенттің сөзінше, Қазақстан бүгінде әлемнің әр түкпіріндегі адамдар үшін өмір сүруге және саяхаттауға қолайлы елдердің біріне айналып келеді. Сонымен қатар қауіпсіздік деңгейі бойынша Қазақстан көптеген мемлекеттерден алда тұр.
Бүгінде бұл сөздер жаңа мәнге ие болып отыр. Таяу Шығыс елдерінен қазақстандықтарды эвакуациялау аясында мемлекет ең басты қағиданы тағы да дәлелдеді — Қазақстан өз азаматтарын ешқашан жалғыз қалдырмайды.
Қазақстандықтар мемлекет қолдауымен елге оралуда. Бұл — азамат қай жерде жүрсе де, ол әрдайым Қазақстан Республикасының қорғауында екенін нақты көрсетеді.