"Шетел агенті": депутат сырттан қаржыландыру тетігін қайта қарауды ұсынды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстан армиясы әлі 1940 жылдардағы қару-жарақты қолданып жүр ме?

Қазақстан армиясы әлі 1940 жылдардағы қару-жарақты қолданып жүр ме?
Фото: istockphoto.com

Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Асқар Мұстабеков Қазақстан армиясында 1940 жылдардағы қару-жарақ қолданылатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды kznews.kz.

Мәжіліс кулуарында журналистер оқу-жаттығулар кезінде ескі қару-жарақ қолданылатыны туралы ақпараттың рас-өтірігін сұрады.

«Бұл шындыққа сәйкес келмейді. Біздің Қарулы күштерде қазіргі таңда қару-жарақтарды жаңғырту жұмысы жүргізіліп жатыр. Жаңадан ұшқышсыз ұшу аппараттары, оларға қарсы қолданылатын қару-жарақтар енгізіліп жатыр. Сонымен қатар осы техниканы меңгеретін операторлар даярланып жатыр», – деді Асқар Мұстабеков.

Журналистер Отардағы оқу-жаттығу полигонында ескі қару-жарақтарды өз көздерімен көргендерін айтқан кезде, министрдің орынбасары мұндай мәліметпен келіспейтінін жеткізді.

«Ондай жоқ. Мысалы, ірі мемлекеттерді алып қарасаңыздар, олар 1978-1980 жылдары шығарылған қаруларды қолданып жатыр. Тіпті кейбір елдерде 40-жылдардағы қару-жарақтар да бар. Бірақ олар өзінің тиімділігін дәлелдегендіктен пайдаланылып отыр. Ал бізде қырқыншы жылдардағы қару-жарақтар жоқ», – деді Мұстабеков.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.