Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстан әйелдер құрамасы жолдастық кездесуде Түркіменстанды ірі есеппен ұтты

Қазақстан әйелдер құрамасы жолдастық кездесуде Түркіменстанды ірі есеппен ұтты

«Turkish Women’s Cup 2019» халықаралық турниріне дайындық жүргізіп жатқан Рәзия Нүркенова шәкірттері Түркіменстан құрамасымен жолдастық матч өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде 6:0 есебімен жеңіске жетті. Ойын Түркияның Алания қаласында өткен болатын. Адиля Вылданова хет-трик автор атанса, Камила Құлмағамбетова дубль жасады. Тағы бір голды шабуылшы Сәуле Кәрібаева соқты.

Қазақстан W - Түркіменстан W - 6:0 (5:0)

Голдар: Вылданова 6, 22, 33, Құлмағамбетова 17, 57, Кәрібаева 25

Қазақстан құрамасы 1-тайм: Железняк, Бабшук, Орынбасарова, Нұрышева, Қожахмет, Жұмабайқызы, Гайстенова, Вылданова, Құлмағамбетова, Бортникова, Кәрібаева.

Қазақстан құрамасы 2-тайм: Портнова, Жақсымбай, Қожахмет, Аруова, Демидова, Хайрулина, Гайстенова, Вылданова, Құлмағамбетова, Тұрлыбекова, Орынбасарова.

24.02.2019. Алания, Түркия.

Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы халықаралық турнирдегі алғашқы ойынын 27 ақпан күні Франциямен өткізеді.


Дереккөз: prosports.kz/kz
Автор
Бауыржан