KZNews.kz
Lifestyle

Қазақша тақпақ: 7 Мамыр - Отан қорғаушы күні (Отан)

KZNEWS


Бақытты боп жүргенім
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Елім менің – тірегім,
Құшағында гүл атам.
Шығысыңнан арайлы,
Күліп атқан құба таң.
Сенен бақыт тарайды
Баршамызға Ұлы Отан.
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан.
Мәңгі соғып тұратын
Жүрегімсің сен, Отан!



Отан - сенің ата-анаң,
Отан - досың, бауырың.
Отан - өлкең, астанаң,
Отан - аудан, ауылың.



Отан - тарих, Отан - тіл,
Жасаған елің, ер халқың.
Отан - өлең, Отан - жыр,
Көтерген көкке ел даңқын...
Отан осы, достарым,
Көңілге мұны түйе біл.
«Отан» деп өс, жас қауым,
Оны ардақтап, сүйе біл.




Атырау қаласы
№4 облыстық мектеп-интернатының
3"б" сынып оқушысы: Ғизат Қарақат
Жетекшісі: бастауыш сынып мұғалімі
Шоханова Арайгүл Лайқатқызы

Кең жазық Отан мекенім,
Сен де өсіп көктедім
Сені қорғау парызым,
Мұны біліп өтемін.



Отаным менің Қазақстан

 
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық селосы
«Құлыншақ» балабақшасы «Жұлдыздар» тобының
Тәрбиеленушісі: Сағындық Досан Болатұлы
Жетекшісі: Шыңғысбай Балжан Сағатбекқызы

Отаным менің Қазақстан
Мәңгілік сенімен мақтанам
Саяңда жүрсем әрдайым
Күлімдеп жүрем бақ табам.

Отаным менің Қазақстан
Қарызбын саған әрқашан
Азаматтық борышты
Өтеуге мәңгі талпынам.

Отаным менің Қазақстан
Атыңнан сенің айналам
Бас иіп саған өтемін
Жасай бер жаса Қазақстан.




Отан - жерім, Отан - суым,
Отан - қуат, нәр береді.
Отан - ұран, Отан туым,
Отан мәңгі гүлденеді.



Отан үшін жанымызды береміз,
Отан үшін барлығына көнеміз.
Отанның да,ананың да алдында,
Осы өмірде парызды өтеп кетеміз.

Автор: Тоқтарғазиева Назира




Туған жерде толамыз,
Ертең жігіт боламыз.
Отан - ортақ үйіміз,
Көңілді ән мен күйіміз.



Мейрамдарың құтты болсын жігіттер.
Болмасыншы көңілдеріңде күдіктер.
Мейрамдарыңмен аға,іні бауырлар.
Орындалсын алға қойған үміттер.

Қазақ жігіті керемет қой расында.
Жауапкершілік бар олардың басында.
Өзге ұлттардың жігіттері түк емес.
Кереметтей қазақ жігітінің қасында

Күтіп тұр ғой бізді алда сан арман.
Қазақ жігіті бақытқа тек жаралған.
Қазақ жігіт қытайдай көп жан емес.
Асыл олар, аз боп қана таралған.

(c) Төлегенов Мади


#қазақстан отан туралы тақпақтар #отан туралы такпак #отан туралы тақпақтар жинағы #отан туралы таппақ #отан туралы такпактар #тақпақ отан туралы #отан қорғаушылар күні ашық сабақ балабақшада #отан қорғаушылар күні сынып сағаты #отан қорғаушылар күні тәрбие сағаты 9 сынып #9 мамыр отан қорғаушылар күні тәрбие сағаты #7 мамыр сценарий #7 мамыр сценарий балабақшада #7 мамыр тарбие сагаты #7 мамыр ұлдар күніне сценарий #7 мамыр такпактар #отан қорғаушылар күні эссе #отан қорғаушылар күні реферат #7 мамыр отан қорғаушылар күніне арналған тәрбие сағаты #9 мамыр отан қорғаушылар күні сценарий #7 мамыр отан қорғаушылар күні шығарма #7 мамыр құттықтау #отан қорғаушылар күніне құттықтау #7 мамыр сценарий 4 сынып #7 мамыр сценарий 5 сынып #7 мамыр сценарий 6 сынып #7 мамыр мерекесі #7 мамыр демалыс #7 мамыр грамота #7 мамыр 1 сынып #7 мамыр 1945 жыл #7 мамыр сценарий 1 сынып #ашық сабақ 1 мамыр 7 сынып #7 мамыр сценарий 3 сынып #7 мамыр сценарий 5 класс #7 мамыр тәрбие сағаты 5 сынып #7 мамыр тәрбие сағаты 6 сынып #7 мамыр сценарий 8 сынып #отан қорғаушылар күні өлеңдер #отан қорғаушылар күні куттыктау #7 мамыр отан қорғаушы күні #7 мамыр отан қорғаушылар күні балабақшада #7 Мамыр - Отан қорғаушы күні (Отан) #қазақша тақпақтар отан туралы
KZNEWS
Автордың басқа материалдары