
Көп кешікпей көктем де келер енді,
Көгеретін тіршілік көгереді.
Қу бұтағы арса-арса кәрі еменге,
Келер көктем, білмеймін, не береді?
Көп кешікпей көктем де келер енді,
Көгереді ауылдың төңірегі.
Ерте кеткен досымның қабірі тұр,
Келер көктем, білмеймін, не береді?
Көп кешікпей көктем де келер енді,
Барлық нұрын көл-көсір төгер енді.
Сағынышын сарыққан, жапа-жалғыз,
Менің жесір жеңгеме не береді?
Көгереді ..
Барлығы көгереді:
Ой да, қыр да, даланың төбелері.
Әлі құрып баратқан ауру досқа,
Осы көктем, білмеймін, не береді?
Көп кешікпей көктем де келіп қалар,
Есінетіп, есіртіп, ерікті алар.
Азан-қазан аспанның қоңырауы,
Жақсылықтан тұрса игі беріп хабар...
Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!
#мұқағали мақатаев өлеңдері
#стихи на казахском языке мукагали макатаев
#коктем де келер казакша туралы қазақша на казахском бесплатно скачать
#Көктем де келер
#Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Көктем де келер) » ZHARAR © 2019 мұқағали мақатаев Көктем де келер өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен
#мукагали макатаев
#мукагали макатаев коктем де келер олен