Сынағаның, жоқ әлде, бір амалың,
Хал жайымды неліктен сұрамадың?
Хабарласпай кетік-ау сен де, мен де,
Хабарласып тұрушы ек күнәра бір.
Хал жайымды неліктен сұрамадың?
Хабарласпай кетік-ау сен де, мен де,
Хабарласып тұрушы ек күнәра бір.
Жүрген соң ба махаббат сыйын көрмей,
Мен отырмын құлазып, күйім келмей.
Болғаны ма сыйластық сусымалы,
Жалт етіп жоғалатын құйын желдей.
Етпегелі қай заман әніңді үлгі,
Сондықтан ба, әйтеуір, жаным мұңды.
Жалт еткенде жаулайтын жанарыңмен,
Күн дидарың, күнім –ау,сағындырды.
Бақытыма өзіңді санаймын шын,
Деуші едім ғой қызғалдақ, арай гүлсің.
Жанымыз да, әніміз бір еді ғой,
Сағынбастан сен мені қалай жүрсің?
Жабырқаулы бүгінде жаным мына,
Білмедім бе, жоқ әлде, жаныңа ұға.
Жоқ болмаса, жарқыным, жомарт көңіл,
Менен бөлек бір жігіт табылды ма.
Табылды ма? Бір жігіт табылды ма,
Табылды ма, көркіңе табынды ма?
Сен не десең, о дегің, мен әйтеуір,
Елден ерек өзіңді сағындым ә?
Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!
#медеу демеу медеуұлы өлеңдері
#стихи на казахском языке медеу демеу медеуулы
#Медеу Демеу Медеуұлы
#Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Елден ерек сағынам) » ZHARAR © 2019 медеу демеу медеуұлы Елден ерек сағынам өлең стихи на казахском медеу демеу медеуулы казакша олен
#Елден ерек сағынам казакша туралы қазақша на казахском бесплатно скачать