
Сөзіме, гүлім, таңданба, бүгін таңданба,
Махаббат сыр ма, бақыт па біткен маңдайға.
Ғашық боп біздер таныстық дейміз көпіріп,
Сол күннің дәмі қалмапты-ау бүгін таңдайда.
Махаббат сыр ма, бақыт па біткен маңдайға.
Ғашық боп біздер таныстық дейміз көпіріп,
Сол күннің дәмі қалмапты-ау бүгін таңдайда.
Айтылды сөздер қайталап жүрек жазбайды,
Махаббат білсең әкелмес жанға аз қайғы.
Есейген сайын есіңе түсіп жастығың,
Жүрегің тулап, кеудеңді бұза жаздайды.
Жан бар ма, айтшы, есігін бақыт қақпаған,
Аша алмай көбі жүректің кілтін таппаған.
Күнәңді кешкен сезбейсің топтың ішінде,
Түсінер бәрін жалғыз боп қалған шақта адам.
Кешігіп бәрін, бағалап жүрміз кешігіп,
Үміттің жібі ұзармай жолда кесіліп.
Дәл мендей өзге түсіне білсе жаныңды,
Түсіне алмаса ол жанның саған несі ұлық.
Күні ертең, жаным, алысқа мен де жол жүрем,
Қимаймын, қайтем, бәріне соның көндігем.
Самал боп желпіп өтейін,қалқам,келші бір,
Мен үшін мәңгі жауқазын сынды сен гүл ең.
Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!
#медеу демеу медеуұлы өлеңдері
#стихи на казахском языке медеу демеу медеуулы
#Медеу Демеу Медеуұлы
#Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Дәл мендей өзге сүйе алмас) » ZHARAR © 2019 медеу демеу медеуұлы Дәл мендей өзге сүйе алмас өлең стихи на казахском медеу демеу медеуулы казакша олен
#Дәл мендей өзге сүйе алмас казакша туралы қазақша на казахском бесплатно скачать