
Сонау Еділден бергі жатқан жердейін,
Қонар еді-ау біздің ел
Арқада қоныс шөлдейін.
Құралыдан қалған көп тентек
Бүлдірмегей еді елімді
Лашын құс, бүркіт шайқаған көлдейін.
Ащының бойы көк тоғай,
Жайламас еді біздің ел,
Жері жаман сусыз деп.
Жабыдан айғыр салмады,
Баласы оның сынсыз деп,
Базарға сатсаң құнсыз деп.
Балдағы алтын ақ болат,
Асынбас еді біздің батырлар,
Көкпен де сауыр қынсыз деп...
Ер қабыланын жөнелтіп,
Елсізде қаңғып қалған шақ,
Кім айтады бізді мұңсыз деп?!
#махамбет отемисулы олендери на казахском языке казакша туралы қазақша на казахском бесплатно скачать
#казакша олен махамбет утемисов
#махамбет өтемісұлы өлеңдері
#стихи махамбет утемисов на казахском языке
#махамбет өтемісұлы Қазақша өлең
#махамбет утемисулы казакша олен
#Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Көшер еді-ау біздің ел) , стихи махамбет отемисулы на казахском языке