ка

Қазақша өлең: Ғабиден Қожахмет (Аруларға тілек)

09.03.2019 22:58
0
0
Қазақша өлең: Ғабиден Қожахмет (Аруларға тілек)

Қазақша өлең: Ғабиден Қожахмет (Аруларға тілек) казакша Қазақша өлең: Ғабиден Қожахмет (Аруларға тілек) на казахском языке
Сендер жайлы тек ән салсын уақыт-күн,
Жүздеріңде нұры ойнасын бақыттың.
Бақыт деген - қыздың қамсыз күлкісі,
Алмастыра алмас оны жақұт мың.

Отау етіп көтеретін іргені,
Болсам дейді ару да ел іргелі.
Бақыт дейтін алаңсыз қыз шаттығы,
Сүйіктімен бірге өткізген күндері.

Қыз-көңілде мысқалдай мұң тұрмасын,
Жүректерің шықтай тілек тыңдасын.
Қыз-қиялың көктен жұлдыз ілдіріп,
Қыз-сезімнің әнін өмір жырласын.

Қыз-арманың биік ұшсын - самғасын,
Сүрінбеңдер, кездессе де жолда сын.
Ай сәулесі тәтті түс боп тербетіп,
Ару-түннің алаң күні болмасын.

Сонда өзің де гүлдей болып жайнарсың,
Айналаңа әсемдік шын жайғансың.
Қамсыз күнің ертеңіңе ұласып,
Армандарың бақ күніне айналсын.



Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий