
Жаңа жыл,
Жаңа ғасыр,
Жаңа мыңым!
Талайы сапырылды бағалының:
Жылқыда тасырқамас тағалының,
Өзенде тас бұлақты сағалының.
Жаңа ғасыр,
Жаңа мыңым!
Талайы сапырылды бағалының:
Жылқыда тасырқамас тағалының,
Өзенде тас бұлақты сағалының.
Айтары әліде көп Ағалының:
Жайлаудың жазда өсетін самалымын.
Жайнаңдап жұпар шашар жамалымын,
Ашылған раушан гүлдей қабағымын.
Бауырлас інілімін, ағалымын,
Ырысты, ынтымақты жағалымын.
Пісіп-пісіп ағытып сағалығын,
Сапырар сары қымыз сабалымын.
Сараптап сараласаң: саналымын,
Сарабдал сардарлымын, даналымын.
Сөзде, істе аналымын, аталымын,
Алды ашық, арты жабық баталымын.
Кімнің де шатылмаймын шатағына,
Кімнің де сатылмаймын атағына.
Келеде бола аламын боталы да,
Бурадай бола аламын жоталы да.
Қажетсе: бола аламын шопаны да,
Адалмын Қазақстан Отаныма.
Жұмсаса қайсы іске, қай салаға,
Ат ерттеп аттанамын қотарыла.
#естеу нүсіпбеков өлең олен скачать
#естеу нүсіпбеков өлеңдері
#естеу нүсіпбеков все стихи на казахском языке естеу нусипбеков казакша туралы қазақша на казахском бесплатно скачать
#жаңа жыл туралы өлең жолдары
#жаңа жыл туралы өлең шумақтары
#естеу нүсіпбековЖаңа жыл жаңа ғасыр өлең естеу нусипбеков олен стих
#жаңа ғасыр) жаңа жыл туралы өлең
#Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Жаңа жыл