Біліксіз ұстаз бен білімсіз оқушы: түркістандық түлектер ұлттық сынақтан қалай сүрінді?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақша мақал - мәтел: Арыстан

Қазақша мақал - мәтел: Арыстан


Арыстан Айға шауып мерт болған.


Арыстанның ойынынан түлкінің мойыны үзіледі.


Қасқырдан сая іздегенше, арыстаннан пана ізде.


Өлі арыстаннан тірі мысық.


Таутанын тастап барыс ат,
Жаға болар ішікке.


Алма апаннан аланды,
Таутан ұрар балаңды.


Қорқау қасқырға жем болғанша,
Арыстанға жем бол.


Ақырғанның бәрі арыстан емес.


Ұйқы арыстанды да жығады.


Арыстанда бір жігіттің күші,
Қырық жігіттің жүрегі бар.


Арыстан қартайса, тышқанның інін аңдыр.


Жолбарыста бір жігіттің жүрегі, қырық жігіттің күші бар.


«Бақ» десең де, «шақ» десең де жейді арыстан.


Кірекейді өлтірме,
Қонжығы қор болмасын.


Арыстанға түлкі айласы жараспас.


Арыстан мінсең, қылышыңды қамшы қыл.


Автор
Данияр